Антагонизм

lat: Antagonızm

[грек. antagonisma] зат. филос. Қарама-қарсылық (ымыраласпайтын, барынша шиеленіскен қайшылық).


Әр дәуір өз заңын, өз әдетін, дәстүрі мен мейрамын тудырады. Оларға қарап та таптар арасындағы антагонизмдi аңғарамыз (Ф.Энгельс).

Капиталистің басқаруы... еңбектің қоғамдық процесін қанау функциясы болып табылады және осылай болғандықтан, оның өзі қанаушы мен оның қанайтын шикі материалының арасындағы болмай қоймайтын антагонизмнен туған (К.Маркс).

Антагонизмнiң органикалық табиғаттағы түрі - өмір сүру күресі, адамзат қоғамындағы түрі - қанаушы таптар мен қаналушы таптардың күресі (ҚСЭ).