lat: Antologıa
[грек. anthologia] зат. әдеб. бір заман мен дәуірдегі бір әдеби бағытқа жататын түрлі авторлардың таңдамалы шығармалар жинағы.
Тұңғыш грек антологиясын Мелеагр (б.з.б. 60 ж.) құрастырған (ҚҰЭ).
Л.Соболев құрастырып, редакциялаған қазақ поэзиясы мен прозасының алғашқы антологиясы 1940 жылы Москвада орыс тілінде басылып шықты («Қаз. әдеб.»).
1220 ж. «Жүректер жүрегі» атты еңбек жазды. Бұл ежелгі заманнан бергі белгі парсы тіліндегі өлеңдердің тұңғыш антологиясы (ҚҰЭ).