lat: Antonım
[грек. anti - қарсы, onyna - ат, атау] зат. лингв. Мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер.
Бір тілдегі мағынасы қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер дейміз (Қазіргі қаз. тілі).
Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бірнеше қарама-қарсы қоюдан шығады (Ғ.Қалиев, Қазіргі қаз. тілі. лексикологиясы).
Антоним - өмір шындығын өнерде шынайылау тәсілдерінің бірі (Әдеб. термин.).