lat: Antropogendik sýksessıaá
экол. Адамның шаруашылық әрекеттен оның экожүйеге тікелей немесе жанама әсерінен пайда болған экологиялық сукцессия.
Антропогендiк сукцессияның экология-мониторингі міндетті түрде қажет. Антропогендiк сукцессия тұрақты әсер ететін сыртқы факторлардан (жойылым, таптау, ластау) немесе адам әрекеті арқылы бұзылған экожүйені қалпына келтіру процесінен (тыңайған жерді шөп басу, мал көп жайылған жайылымды және ағаштары жаппай кесілген орманды қалпына келтіру т.б.) болады (Қаз. тілі. термин. Экология.).