lat: Antropologıa
[грек. anthropos - адам, logos - ілім] зат. биол. Адам мен адам нәсілдерінің шығу тегі, оның дене құрылысының өзгеру заңдылықтарын, нәсілдік ерекшеліктерін, жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы барын зерттейтін саласы.
Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізді (ҚҰЭ).
Мұнда келген ол мамандығын өзгертіп, географиядан, этнографиядан, антропологиядан маманданып, зерттеу жұмысына кірісті (Н.Баяндин, Саяхат.).
Өлген адамның сүйегіне қарап, кім болғанын, мінез-құлқының қандай екенін, денсаулығын анықтайтын ғылымды антропология дейді (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
Антропологияның басты бағытының бірі — қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу (Т.Ғабитов, Мәдениеттану).