АНТРОПОЛОГИЯ

lat: Antropologıa

Адам жөніндегі ғылым. Бұл ғылымның әртүрлі түсініктері кездеседі: негізінен оны биологиялық (адамның және оның нәсілдерінің пайда болуы мен оның ұйымдасуының эволюциясы жөнінде) және этнография, эволюциялық теориялар, палеонтология, салыстырмалы психология, нәсілтану және т.б. біріктіретін кешендік ғылым ретінде анықтайды.

Америкалық антрополог Маргарет Мид (1901-1978) антропология - бұл адам мәселесі жөніндегі әртүрлі зерттеулерді синтездеуге болатын, жалғыз аумақ деген пікірді білдірген. Оның пікірі бойынша, антропологияның негізгі міндеті гуманитарлық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар арасындағы шекараны бұзу болуы қажет. Ол біздің нормалардан қатты ажыратылатын қоғамдарды зерттеу кезінде адамдар тек әртекті мәдениет қана шабыт бере алатын жеке-дара таңдау мен жалпыға ортақ шыдамдылықтың жоғарғы деңгейіне жете алады деген үміт білдірген.

Неміс философы Иммануил Кант өзінің «Антропология» атты кітабында (XVIII ғасырдың соңында жазылып, 1900 жылы Санкт-Петербургте аударылған) антропология адамтану деп түсінген. Ол бұл ілімде адамның өмір кейпін, гигиенасын, тәуліктік еңбек уақытын үйлесімді ету және адамның ішкі күштеріне (рух, ақыл-парасат, жауапкершілік сезімі, өзін-өзі реттеу және т.б.) көңіл бөлу арқылы ауруларды жеңіп, денсаулықты жасауға болады деп жазған.

Оның жүйесінің негізгі қағидасы - өз күшін аямау, оларды той-думанмен және шамадан тыс жағдайды жасаумен әлсіретпеу. Қоғамдық өмірдің құбылыстарын табиғи пенде ретіндегі жеке адамдардың қасиеттері мен қажеттіліктерімен түсіндіру Л.Фейербахпен жасалынды. Ол антропология әмбебап ғылым ретінде түсінді. Едәуір толық, бірақ ұстамды және кейбір кезде сындық көзқарасты біз Н.Г.Чернышевскийден байқаймыз. Антропология философия, психология және педагогиканың кейбір қазіргі заманғы бағыттарына (экзистенционализм, психоанализ және т.б) тән. Ангропометрия - антропологияның бөлімі мен әдісі; адам денесінің және оның бөліктерінің мөлшерін анықтау.

Антропология мағлұматтарының негізінде киім, үй жиһазы және басқа да бұйымдардың мөлшері жөнінде нұсқаулар құрастырылады. Жұмыс орнының параметрлеріне деген талаптар адам бойын, аяқ-қолдарының ұзындығы, иығы, табанының көлемі, қол саусақтарының және т.б. мөлшерін зерттеудің антропологиядан алынады. Неміс антропологі Ф.Нолад бірнеше мың бозбалаларды зерттеп, мынадай қорытынды жасады: ата-ананың туған жерлері неғұрлым алшақ болса, соғұрлым балаларының бойы ұзын болады.