АНТРОПОЛОГИЯ

lat: Antropologıa

адам жөніңдегі ғылым.

Бұл ғылымның әртүрлі түсініктері кездеседі: негізінен оны биологиялық (адамның және оның нөсілдерінің пайда болуы мен оның үйымдасуынын эволюциясы женінде) және этнография, эволюциялык теориялар, шлеонтология, салыстырмалы психология, нәсілтану және т.б. біріктіретін кешендік ғылым ретінде анықтайды.

Антропология бұл адам мәселесі жөніндегі әртүрлі зерттеулерді синтездеуге болатын, жалғыз аумақ деген пікірді білдірген. Оның пікірі бойынша, антропологияның негізгі міндеті гуманитарлық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар арасындағы шегараны бұзу болуы қажет. Ол біздің нормалардан қатты ажыратылатын қоғамдарды зерттеу кезінде адамдар тек әртекті мәдениет қана шабыт бере алатын жеке-дара тандау мен жалпыға ортақ шыдамдылықтың жоғарғы деңгейіне жете алады деген үміт білдірген. Неміс философы Иммануил Кант өзініңАнтропологияатты кітабында  антропологияны адамтану деп түсінген. Ол бұл ілімде адамның өмір кейпін, гигиенасын, тәуліктік еңбек уақытын және адамнын ішкі күштеріне (рух, ақыл-парасат, жауапкершілік сезімі, өзін-өзі реттеу және т.б.) көңіл бөлу арқылы ауруларды жеңіп, денсаулықты жасауға болады деп жазған. Оның жүйесінің негізгі қағидасы өз күшін аямау, оларды той-думанмен және шамадан тыс жағдайды жасаумен әлсіретпеу. Қоғамдық өмірдің құбылыстарын табиғи пенде ретіндегі жеке адамдардың қасиеттері мен қажеттіліктерімен түсіндіру Л. Фейербахпен жасалынды. Ол антропология әмбебап ғылым ретіңде түсінді. Едәуір толық, бірақ ұстамды және кейбір кезде сыни көзқарасты біз Н.Г. Чернышевскийден байқаймыз. Антропология философия, психология және педагогиканың кейбір қазіргі заманғы бағыттарына (экзистенционализм, психоанализ және т.б) тән.

Антропометрия антропологияның бөлімі мен әдісі, адам денесінің және оның бөліктерінің мөлшерін анықтау. Антропология мағлұматтарының негізінде киім, үй жиһазы және басқа да бұйымдардың мөлшері жөнінде нұсқаулар құрастырылады. Жұмыс орнының параметрлеріне деген талаптар адам бойын, аяқ-қолдарының ұзындығы, иығы, табанының көлемі, қол саусақтарының және т.б. мөлшерін зерттеудің антропологиясынан алынады. Неміс антропологі Ф. Нольд бірнеше мың бозбалаларды зерттеп, мынадай қорытынды жасады: ата-ананың туған жерлері неғұрлым алшақ болса, соғұрлым балаларының бойы ұзын болады.