Антропоцентризм

lat: Antroposentrızm

Дүниетанымдық (сондай-ақ практикалық болуы да мүмкін) айқындама, оған сәйкес «адам» дегеніміз-әлемнің орталығы және асқар шыңы. Осы айқындамаға сәйкес әлемде ғарыштың соңғы сөзі ретінде адамға жіберілетін прогрессивті тенденциялар, эволюция желілері жоқ және болуы мүмкін емес. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни, бүкіл әлем адам үшін шет аймақтар; адам әлемнің ең ұшар басында тұр,демек бүкіл әлем деңгейі жөнінен де, маңызы жөнінен де адамнан төмен.Тек адам ғана-субьект, ал бүкіл әлем оның субьектісі ғана. Әлем адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Дүние адам үшін тұғырдан басқа ештеңе емес. Көзқарас ретінде антропоцентризмнің екі негізгі типі:белсенді және енжар типі бар. Белсенді антропоцентризм адамды тікелей ғарыштың орталығына және асқар шыңына орналастырылып, құдайдың атрибуттарын таңады. Бат. Европадағы Қайта Өркендеу дәуірі қоғамының белгілі бір (ең алдымен шығармашылық) бөлігінің көңіл-күйі ретінде антропоцентризм осындай.Мұнда іс жүзінде әрбір суреткерең мағынада) алып немесе тіпті құдірет, қалқан бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады. М.Штринор өз ілімінде антропоцентризмнің мейлінше эгоистік ,жекедара формасын көрсеттідамзатты дәріптеп,оған бас июге де болады (П.Боранепскийдің тұжырымдамасы ). Енжар антропоцентризм жанама түрде адам тәрізді ең жоғары негізді,мәселен,антропоморфты құдайды жасап, адамның үстінен қарату арқылы адамды дүниенің орталығына және жоғары жағына әкеліп орнықтырады. Антропоцентризм приципі адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық режимдер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм практикалық сипат алады табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыстар етек жайды.