Анықталмаған интеграл

lat: Anyqtalmaǵan ıntegral

м а т е м а т и к а л ы қ. Дифференциалдауға кері амал, қандай да бір берілген функцияның алғашқы функцияларын түгел қамтитын жиыны. Интеграл анықталған және а н ы қ т а л м а ғ а н и н т е г р а л болып ажыратылады. Міне, осыларды есептеу интегралдық есептеудің міндеті болып саналады (ҚҰЭ).