1927 ж. Гейвенберг қалыптастырған кванттық механика принциптерінің бірі. Бұл прннцип микрообьектілердің бір-бірімен үйлеспейтін корпускулды –толқындық табиғатының пайда болу себептерінің мүмкін емес екендігін, олардың нүктелік шамасы мен импульсін бір уақытта дәл анықтауға болмайтынын дәлелдейді. (корпускулды-толқындық дуализм) Анықталмағандық қатынас айқындалмаған ауыспалы күйде кездесіп отыратын :нүктелік шама мен импульс, сонымен бірге уақыт пен энергия арасындағы сандық қатынасты білдіреді. Бөлшек нүктелік шамасының анықталмағандығы аз болған сайын, импульстың анықталмағандығы арта түседі және бұд процесс керісінше де жүреді. Мұндай қатынас уақыттың белгілі бір сәті мен бөлшек энергиясының арасын анықтауда да кездеседі. Анықталмағандық қатынастың корпускулды-толқындық табиғаты олардың байланысып жатқан микробөлшектер қозғалысының статистикалық заңдылықтарының нақты сипаты болып табылады; «анықталмағандық» микрообьектінің нақты күйіне тән нәрсе (толықтырғыш принципі). Кейбір физиктер мен философтар анықталмағандық қатынас позитивиам рухында –қарапайым бөлшектердің байланысу жағдайының себептерін, микродүниенің обьективтілігін, оның таным әрекетіне тәуелсіздігін теріске шығару («құрал» идеализм- қ. Құрал,аспап) жөнінде филос. қорытындылар жасады.