lat: Aparatýra
зат. 1. Құрал-сайман, құрал-жабдық.
Шымкент облысындағы тұңғыш совхоздық агрономиялық лаборатория құрылды, лаборатория жаңа аппаратурамен жабдықталған («Лен. жас»).
Радиотехникалық аппаратураларда жоғары жиілікті токтың қуатын өлшеуге арналған көптеген термисторлар бар (К.Айманов, Физика).
2. инф. Компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары.
Аппаратура - механикалық, электрлік жөне электрондық құрылғылар, яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мыс., пернетақта, монитор және т.б. есептеу машиналары, жүйелері мен желілерінің техникалық құралдары жөне физикалық жабдықтары (Қаз. тілі термин. Информатика.).