Апаш-құпаш

lat: Apash-qupash

үст. Асығыс-үсігіс, қарбалас, тез, жылдам.

Апаш-құпаш ұзатқанын Жібек жеңгесі Жәмиге одейі барып айтқан екен, ол: «Мейілдері, маған десе, қазір неге жөнелтіп жібермейді», - деп, қабағын шытып қысқа қайырыпты (С.Омаров, Қайырлы.).

Сонымен апаш-құпаш билет алып, залға ентіге кірдік-ау. Бірақ кіргеніміз бар болсын, ең оуелі сүйікті кейіпкеріміз - Дүйсенді танымай қалдық («Қаз. әдеб.»).

Таң ата үйлеріне оралып, мамасы пісірген асты не жылытып, не жылытпай апаш-құпаш ішеді де, жата кетеді (Ш.Өтепов, Өшп. жалын).