Апашым

lat: Apashym

зат. экспр. 1. Көбіне анасына деген ыстық сезімін білдіру үшін айтылатын қаратпа атауыш. Күйдірген жасыңнан жүзің бір кеппеді.

Апырмай, апашым, не деген мықты едің (Ә.Тәжібаев, Жартас).

2. Анасына деген ыстық сезімін білдіру үшін айтылған атауыш.

Жұмыстан апашым

Неліктен кешікті?

Қашан кеп апашым

Ашады есікті (Қ.Мырзалиев, Күміс.).

Неше рет жерге қар жауып,

Неше рет сол жер көгерді.

Бөпешім өсті марқайып,

Апашым біраз көнерді (Өлеңд.).