Апатия

lat: Apatıa

зат. Енжарлық, селқостық, сылбырлық.

Іш пысудың жоғарғы дәрежесі - еш нәрсеге қызықпау, еш нәрсеге ұмтылмау. Еш нәрсеге қанағаттанбау дәрежесінде іш пысу апатия деп аталады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Апатия өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жарандарына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды (ҚҰЭ).