(гр. аpatheia – сезімсіздік, қызықпаушылық, ынтықсыз – бесстрастие) – парықсыз, талғаусыз жағдай (жай), мүддесіз болу, немқұрайды қарау. Ертедегі Грекияда киниктер мен стоиктер философиясында қуанышқа да, сол сияқты бақытсыздыққа да бірдей тыныш қарайтын, мұқтаждықтар мен қорқыныштарға селқостық көрсететін, қөңіл бөлмейтін дананың (мудрец) өнегелі жетілген жағдайын (жайын) білдіретін термин. Римдік философ Сенека бұл грек сөзін «кез келген қайғы – қасіретке, азапқа алдырмайтын жан» деп аударғанды дұрыс санаған.