lat: Apatıa
Адамның өзіне және айналадағы болып жатқандарға төменгі белсенділікпен және теріс эмоциялық ойланулармен салғырт қарауы.
1) енжарлық, көңілсіздік. Өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады; Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды;
2) филос. стоиктерше, адам жанының сезімдерден, барлық құмарлықтан жұрдай болуы;
3) эмоционалды немқұрайдылық, әрекетсіздік ахуал.