АПАТИЯ

lat: Apatıa

(грек, apatheia қаз. бейтаратпық, қызықпаушылық) адамның өзіне және айналадағы болып жатқандарга төменгі белсенділікпен және теріс эмоциялық ойланулармен салғырт қарауы.

1) енжарлық, көңілсіздік. Өмірге немқұрайлы қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады; апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсендеп, сөне бастайды;

2) адам жанының сезімдерден, барлық құмарлықтан жұрдай болуы;

3) эмоционалды немқұрайдылық, әрекетсіздік ахуал.