lat: Apatty
сын. Қауіп-қатерлі, зиянды, ауыр, қиын-қыстаулы.
Сол жылғы апатты сүзектің жаздыгүні көкірек аурудан қайтыс болған Қайыпқожа сыбызғышының үйінен басталатынын, оның артынан үлкен ауыртпалықпен бүтін ауылды аралап шығатынын Тояш білген жоқ (Х.Есенжанов, Тар кезең).
Мен бұл апатты жылды доғадай иіліп тұрып көрдім (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).
Қаламаймын ождаһа тірілгенін,
Таптағым бар апатты күн ілгері.
Музыканың сазымен сендіргім бар,
Дабыл қаққан соғыстың дүбірлерін (М.Мақатаев, Шығ.).