Апеке, апажан, апатай, апашым, апай

lat: Apeke, apajan, apataı, apashym, apaı.

Анасындай жасы үлкен әйелге жалынып-жалбарынғанда, құрмет тұтқанда айтылатын қаратпа сөз.

Әкем жазған күнделікті берді апекем (Қ. Ыдырысов).

Апажан, мүлде жадыра, Өткенге қапа болмастан (Д. Әбілов).

Жалғыз баласы болғандықтан, әкем де, апатайым да мені қатты сағынады (Б. Тоқтаров).

Апашым да жұрттың Баршагүлді мақтаған сөздеріне үнін қосып жатты (Ғ. Сланов).

Самал сол апайының үйіне қонаққа барды (3. Жөкенов).