Аплазия

lat: Aplazıaá

іштен туылғаннан кейбір дене бөлігінің өсіп жетілмеуі (мүшенің немесе оның бөлігінің, ұлпаның учаскісінің). Эмбрионалдық дамуда физикалық, химиялық, генетикалық факторлар əсерінің нəтижесіндегі бұзылыстардан пайда болады. Тақ мүшелердің аплазиясы организмнің өліп қалуына дейін əкеледі (мысалы мидың аплазиясы). Аплазия атрофияның жүзеге асырылуы болып келеді. Кейбір жағдайда “аплазия” немесе “агенезия” деп процестің əркелкі деңгейін атайды (агенезия мүшенің мүлдем болмауы).