Апоплексия

lat: Apopleksıa

зат. мед. Миға қан құйылуы немесе мидағы қан тамырларының бітеліп қалуы салдарынан адамның есінен танып құлауы.

Апоплексия қан қысымы көтерілгенде немесе мидың қан тамыры қатайғанда жиі кездеседі (ҚСЭ).

Апоплексиядан сақтану үшін артериосклероз, гипертония ауруы бар адамдар дәрігер белгілеген режимді мұқият сақтауы керек (ҚСЭ).