lat: Aproksımasıa
зат. мат. Математикалық шаманың (сан, функция т.б.) басқа қарапайым математикалық шамамен жуықтап өрнектелуі.
Аппроксимация математикалық шаманың сандық сипаттамасы мен сапалық қасиеттерін одан әрі қарапайым әрі тиімді басқа математикалық шамалармен ауыстырып зерттеуге мүмкіндік береді (ҚҰЭ).
Қазіргі математиканың кейбір бөлімдері түгелдей аппроксимацияға арналған (мыс., функциялар жуықтауы) (ҚҰЭ).