lat: Apta
зат. Ұзақтығы жеті күн тәулігіне тең уақыт өлшемі.
Қатының тіл алмаса бажылдаған
- Кіргенің күнде көрге қазылмаған.
Садақа апта сайын таратпасаң,
Бір дертке тап болғаның жазылмаған (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Ішінде көріспесем бір аптаның
Мен оған іздеп барып сыр ақтардым.
Бір күні Мұқаңменен кездескенде
«Ән қалай туады?» - деп сұрап қалдым (С. Мәуленов, Алыс кетіп.)
Адам баласы тамақ ішпей бір апта шыдауы мүмкін, ал оттегісіз бір минут та өмір сүре алмайды (С.Жұмабаев, Ұзақ өмір.).