Өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, практика, сайып келгенде оның өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға емес және олардың тілмен тұжырымдалу тәсілдеріне емес, нақты ойға қатысты. Жаңа философия тұңғыш рет ақиқатты түсінудің дәйекті материалистік негіздемесін тұжырымдап, оны зерттеудің жаңа диалектикалық аспектілерін көрсетті. Обьективті ақиқат, абсолюттік және салыстырмалы ақиқат, ақиқаттың нақтылығы, ақиқат өлшемі, теория және практика.