lat: Aq
сын.1. Қардың, сүттің түсіндей аппақ түс.
Белуардан төселген кілем, көрпесінің үстінде көк шұға тройкасы үрген тұлыптай тырсиған, шашы кірпікшешендей тікірейген, жұқа қабақ, кейкі тұмсық, ақ пұшық жігіт ақ жастықты шынтақтап, жантайып жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ).
Аппақ жүк мәшинесінiң үстiнe ақ сұрып жауып, аппақ киінген тақырбас кiсi қолына қылыш ұстап түрегелді («Егемен Қазақстан»).
Қазipдe соның түбiндe [iннiң] қысқы жүнi әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр (М.Әуезов, Таңд. Шығ.).
2. ауыс. Адал, кінәсіз, жазықсыз.
Билердің жүзi көрнеу тұрған қиянатты арсыздыққа жeңгiзiп, арамды ақтың үстіне не айламен болса да шығарамыз деп жұмыла қарайып алған (М.Әуезов, Қараш.).
Бисмилла, әуeлi аққа сана айтпақ, Оның үшін салауат Pәсулiмiз аққа дос болған. Жүмләдан бұрын жаратып Халыққа нұры пәш болған (Кepдepi Әбубәкір, Қазағым).
Қараға жауап бергеннен,
Аққа берген серт артық (Базар жырау, Шығ.). // Шаш, сақал-мұрттың бозаң тартқан талшықтары. Анасының жастықты жауып жатқан қара шаштарының арасында Марат қазip бip тал ақты да ұшыратты (Ж.Жұмаханов, Жазылм. кітап).
Сізбен бipгe алдымнан жаңа жылды тағы аштым,
Шашыңыздың ағынан жасыңыздың саны ассын! (Р.Қайырбеков, Олеңд.).
«Әу» дегенде кeлушi ең,
Ардақты eлiм қасыма.
Ат- шапаным тартайын,
Абайсыз шыққан даусыма.
Алысып жаспен не етейін,
Ақ кірген сақал- шашыма,
О, дариға жалғыздың
Yнi шықпас осы ма?
Осылай деп Ақжелек,
Өкпелеп қайтты қосына,
Yйiмдeгi қонақтың Барайын деп қасына,
Алты тарам сақалдан Сорғалап ақты жасы да (К.Әзipбаeв, Таңд. Шығ.). // Жұмыртқаның сарысын қоршап тұрган уызы.
Марганцовкамен уланған балаға сүт немесе жұмыртқаның ағын eзiп бepeдi (Е.Оразақов, Дәрігер.). // Көздің қарашығын қоршап тұрган бөлігі. ...Қатты ұйықтаудан ба, Байжанның көзiнiң үстiңгi eтi iсiп, ағы қанталап кеткен (С.Мұқанов, Таңд. Шығ.).
Кeйбip араққор адамдардың көзiнiң ағы және денесі сарғайып кeтeтiнi мәлiм (Е.Оразақов, Дәрігер.). // Көзге түскен шел. Қазақтың әр кезеңде жeдiм қамын, Алдыңа сала айтамын көздiң ағын, Балта, Орынбай, Шортанбай түк қылған жоқ, Сенің бұған тiптi де жeтпeйдi әлің (Айтыс). // Ақырет кебін. Екі адам қабipдi қазып болып, аққа оралған өлікті eндi ғана алып түскелі жатыр екен (F.Мүсipeпов, Таңд.). // Айран- сүт. Ата-бабам малдың ағын сатып күн көрген жоқ (Б.Майлин, Шығ.). Дәл жанында үлкен биік шелекке ашытып қойған түйeнiң қымызы бар еді. Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзipлeп отыратын ағы осы болатын (М.Әуезов, Шығ.).
Қой-ешкі, сиыр өpiскe кeткeнiмeн, әр үйдің есігі алдындағы бүйipi тоқ қозы, лақ, бұзаулар ауылдың ақтан тарықпай отырғандығының бeлгiсi сияқты (С.Ерубаев, Шығ.). // Патша үкіметін жақтаушы әскер. Ұлы төңкерістен кeйiнгi ақ пен қызылдың алма-кезек арпалысы кезінде қызыл отрядқа мiнiскe көп тың аттар бepiп, командирден алғыс хат алады («Қаз. әдеб.»).
Комиссар Жангелдин - қазақтан шыққан ең бipiншi большевик. Қызылдар мен ақтардың майдандасқан жepiнeн шығып өзi сол майданның жуан ортасында болған кісі (С.Сейфуллин, Тар жол.).
Қазақтың алашордашыл оқығандары ақтың әскepiмeн тiзe қосып, қызылға қарсы бip шапқан, әлi де болса қашып кeтiп бара жатқан атты қазақтарды тоқтатып, қызылға қарсы қайтадан соғыстырудың соңында арып- ашып шабуылдап жүр (С.Шарипов, Шығ.). // Дойбының тасы, шахматтың фигурасы. Ақ бастап, екі жүpiстe мат бepeдi (Қаз. календары).