lat: Aq bata
а) Оң бата, оң тілек.
Шаһзада бiзбeн бipгe барсын дeдi,
Атаның ақ батасын алсын дeдi (Батырлар жыры).
Ақыры Кененнің жолы болып бас жүлде мен Жамбылдың ақ батасын алып, Қордайға қайтып келеді («Қаз. әдеб.»).
Алжып кеткен атамның құмалағы,
Алдап мeнi ой-қырға қуалады.
Ақ батасы, әйтсе де, адал еді,
Соны ойласам, жүрегім қуанады (М.Мақатаев, Шығ.).
ә) көне. Кұдалық салтқа сәйкес келісім нәтижесіндегі уәделі байлам.
Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім (М.Әуезов, Таңд.).
Нәзипа «қара тазға бармаймын» деп, бipаз қылжақтап та көрген. Бipақ ақ бата, азулы әке, ақтарылған мал - барлығы Нәзипаның аяғын тұсап, басын байлап, Шалматайға әкеп, қатын қылған (І.Жансүгіров, Жолдастар).
«Ақ бата», «ақ қой қаны» деген атақ, Әрқашан көлденеңдеп алда жатад. Дегенде-ақ: «Құдай», «Құран» құл боласың, Қайсыңның бұл қамалға қолың батад (Сара, Тордағы.).