Ақ бет

lat: Aq bet

а) Сұлу, ақша жүз, ақ құба өң.

Қидасынгер, ендеше, қидасынгер,

Көшкенде жeмip тайлақ бұйдасын жер.

Ақ бетіңнен бip сүйгіз замандасым,

Көрген жан, әзер болса қимасың дер (К.Әзipбaeв, Таңд. Шығ.).

Қайырсақ та сазда өтер,

Қаңқылдаған қаз да өтер,

Үш ай тоқсан жаз да өтер.

Ақ бетіне қан құйған,

Орамалын дәл құйған,

Ерініне бал құйған,

Қылықты туған қыз да өтер (Шал ақын, Өлеңд.).

Адамнан артық ажар, ақыл- айлаң,

Ажары ақ бетіңнің асқан айдан,

Адасқан аққу құстай болдым асық,

Айдындай ақ төсiмe асылшы, айнам (Қаз. әндepi).

ә) Пәк, таза көңіл.

Көшсе көшке жол бермейді.

Бос айдасаң түйені.

Ақ бетіме салды ма,

Бас бармақтап күйені (Қамбар батыр).