Сіркіреп ұзақ жауатын жаңбыр. Күні-түні себелеп құйған ақ жауын бір жұма, ерегістірсең бір айға созылып, ақыры қалың жаңбырға айналып, қысқа соғады (З.Шашкин, Сенім). Екі күннің бірінде ақ жауынға тап боласың. Бүгін де солай (С.Досжанов, Қыран.). Күн көретін нәр алып, Тамырының талшығы: Ақ жауынды ала бұлт, Күннің нұры, қар суы (С.Мәуленов, Алыс кет.).