Ақбауыр бұлдырық

lat: Aqbaýyr buldyryq

зоол. <лат.pterocles alchasta> Салмағы жеңіл, қанаты ұзын, топтанып тіршілік ететін кептертәрізділер отряды, бұлдырықтар тұқымдасына жататын құс.

Ақбауыр бұлдырық - жыл құсы. Тамыз айынан бастап үлкен топ құрайды. Қыркүйек-қарашада жылы жаққа ұшып кетеді(ҚҰЭ).

Ақбауыр бұлдырықтың тіршілігі толық зерттелмеген. Таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілді(ҚҰЭ).

Ақбауыр бұлдырықтың денесінің үстінде сары түсті, сұр теңбілдері бар(Қаз.тілі термин.Биология).