lat: Aqbaýyr buldyryq
зоол. Салмағы 250 г- дай, қанаты ұзын, топтанып тіршілік ететін, бұлдырық тәрізділер отрядына жататын құс.
Ақбауыр бұлдырық жерді шұңқырлап ұя жасап, оған 3, кейде 2-4 жұмыртқа салады (ҚСЭ).
Ақбауыр бұлдырық Солтүстік Африка, Алдыңғы және Орта Азия шөлдерін мекендейді. Қазақстанда Арал теңізінен Бетпақдала шөліне дейін таралған (Қаз. қызыл кітабы).
Ақбауыр бұлдырықтың соңғы жылдары таралу аймағы тарылып, саны едәуір кеміді: 60-жылдары ондаған, тіпті жүздеген мың құстардың жиынтығы байқалса, ал қазір бірнеше жүздеген құстар тобы өте сирек кездеседі (Қаз. қызыл кітабы).