Бірінші съезд 1917 ж. 25 сәуірі мен 7 мамыры аралығында Омбы қаласында өтті. Съезд төрағасына А.Тұрлыбаев, төраға орынбасарларына Е.Итбаев пен М.Дулатов сайланды. Съездің күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: білім беру; әйел мәселесі; сот; земство; баспасөз; азық-түлік; уақытша атқару комитеттерін құру т.б. Ақмола облыстық қазақтарының съезі мазмұны жағынан Торғай съезіне жақын қаулы-қарарлар қабылдады. Съездің соңғы мәжілісінде Ақмола облыстық қазақ комитеті құрылды, оған төрағалыққа Айдархан Тұрлыбаев, орынбасарлығына Сейілбек Жанайдаров, Асылбек Сейітов, мүшелікке тағы жеті адам бекітілді. Олардың арасында Мағжан Жұмабаев, Байсейіт Әділов сияқты белсенді жастар да бар еді. Ақмола обл. қазақтарының екінші съезі қыркүйек айында өтті.