Ақшалай-заттай лотерея

lat: Aqshalaı-zattaı lotereıa

Лотерея билеттерін тарату, сату арқылы халықтың ақшалай қаражатын ерікті түрде игілікті іске тарту түрі.

Көптеген елде ақшалай-заттай лотерея ұтыстарын муниципалитеттер, қайырымдылық қорлары қоғамдық ұйымдар өткізіп тұрады (ҚҰЭ).

Ақшалай-заттай лотереяның шарттарына байланысты ұтыс иесі заттай ұтыстардың нақты аталған түрін не олардың құнын ақшалай алуына болады (ҚСЭ) .