lat: Aqysy ketti
Есесі кетті, біреуге жем болды.
Ақысы кеткен адамша Сөйлеме қатты ашынып (Базар жырау, Шығ.).
Ақысы кеткен кісідей,
Көшкен елді қуалап,
Күн-түн қатқан жиырма бес (Базар жырау, Шығ.).
Бар еді менде не ақың кеткендей-ақ?
Тиеді мына сөзің кетпендей-ақ.
Аузыңнан қандай-қандай сөз шығады,
Тұлпарды есек келіп тепкендей-ақ (О.Шораяқов, Шайыр).