Ақысын жеді

lat: Aqysyn jedi

Біреудің еңбегін қанады, еңбекақысын бермеді.

Жетім, жетім демеңіз, жетімнің ақын жемеңіз (Мақал-мәтел).

Адам болды бөрі де,

Байға ақысын жегізбей.

Бұрынғыдай боқтатып Нұқытып «әй ит» дегізбей (С.Сейфуллин, Шығ.).

Арамдық қыл да, тап пайда,

Залалын ақыры көрерсің.

Бүгін жеген ақыңды,

Таңда бір күн берерсің (Кердері Әбубәкір, Қазағым).