Ақысыз оқу

lat: Aqysyz oqý

а) Социалистік елдерде халық ағарту ісін ұйымдастырудың негізгі принципі, тегін оқыту жүйесі.

Ақысыз оқу кеңес өкіметі орнаған алғашқы жылдарда-ақ жүзеге асырыла бастады. СССР Министрлер Советінің 1956 ж. 6 июньдегі қаулысы бойынша барлық оқу орындарында оқуға ақы төлеу біржола тоқтатылды (ҚСЭ).

ә) Қазақстан Республикасының мемлекеттік оқу орындарындағы азаматтарға тегін орта және жоғары білім беру жүйесі. Ақысыз оқу бөлімі.