Арифметикалық

lat: Arıfmetıkalyq

сын. мат. Арифметикаға сай, қатысты, тән.

Кұрманғазы атындағы оркестрдің басынан өткен отыз жыл жай арифметикалық жыл санау емес, үлкен көркемдік оқиғаға толы екен («Қаз. әдеб.»).

Бұл математика тарихында алгебра мәселесіне арналған ең тұңғыш шығарма, бұған дейін алгебралық мағлұматтар арифметикалық еңбектерде баяндалатын (А.Көбесов, Матема­тика.).

Қазір теңдеу арқылы шешілетін көп есептерді арифметикалық жолмен шешу тәсілдерін ұсынады (О.Жәутіков, Жоғары матем.).