Аралас календарь

lat: Aralas kalendar

а с т р. Аралас күнтізбе (аспан денелерінің бірінің ғана емес, бірнешесінің қозғалысы бойынша жылдар, айлар, күндердің саны мен тетелестігін реттеуде қолданылатын ережелер жүйесі). Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген календарьларды үш топқа бөлуге болады, олар: күн календарьлары, ай календарьлары, а р а л а с  к а л е н д а р ь л а р (ҚСЭ). А р а л а с  к а л е н д а р ь д ы ң бір түрі Ежелгі Қытайда қолданылған (ҚСЭ).