Араластырғыш

lat: Aralastyrǵysh

зат. Екі я үш затты қосып бiрiктiру үшін қолданылатын зат.

Қатты заттарды араластыру үшін иiндi араластырғыш қолданылады (Қаз. тілі. термин. Кен.).

Сүттің бетіне қаймақ тұрып қалмауы үшін араластырғышты ауық-ауық қозғалысқа келтipiп қою қажет (3.Сейiтов, Сүт өңдеу.).

Араластырғыш - әpтүpлi қоспаларды (сұйық, қатты) араластыруға арналған, араластыру сыйымдылығынан, оның iшiндегi айналмалы бiлiкке бекітілген әpтүpлi пiшiндi қалақтардан тұратын құрылғы (Қаз. тiлi. термин. Тамақ.).