Араздық, өшпендік, дүрдараздық, қырбайлық, кезбастық

lat: Arazdyq, óshpendik, dúrdarazdyq, qyrbaılyq, kezbastyq

Араз болушылық, ренжіскендік.

Ата-бабамыз бауырлас халықтармен араздық дегенді білмей, epicтec, қоныстас болған (Ж. Ысмағұлов).

Дос ниетті адамдар оған сүйсіне, қуана қараса, дұшпандар ызалы өшпендікпен көз алартады ( Т. Жанұзақов).

Сәнияның айтып келе жатқаны Әлімбектің бұларға деген ол дүрдараздығы (К. Ахметбеков).

Осыдан барып, хан мен билер арасында қырбайлық күшейе түскен еді (I. Есенберлин).

Араларында ешқандай кезбастық жоқ жандай қарсы алды (I. Жақанов).