lat: Arazdyq
зат. Өкпе, реніш, өшпенділік, алауыздық.
Сөз қылды жақсылықты, жамандықты,
Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты.
Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп,
Қолға алды татулық пен араздықты (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Араздық, алалықты тастап, жаңа үкiметтiң бұйрық, жарлығын орындау керек (М.Дулатов, Шығ.).
Ел ішi болғасын жер дауы, жесір дауы бар, ағайынның араздығы мен алауыздығы бас көтермей тұра ма? (Б.Аманшин, Көкжар).