Арба, күйме, карета, экипаж, тарантас

lat: Arba, kúıme, kareta, ekıpaj, tarantas.

Көлікке жегілетін тасымал құралы.

Партизандар көмілген қаруларды қазып алып, екі пар ат жегілген арбаға салды да, базаға тартты (А. Шәріпов).

Біз мінген күйме көшені басына көтере, желе заулап барады (Ә. Сәрсенбаев).

Карета - төбесі жабық төрт дөңгелекті сәнді арба (ҚСЭ).

Экипаж - кісі мінетін жеңіл арбаның бір түрі (ҚСЭ).

Малтабардың тарантасқа жеке жеккен қара бурыл аты мейлінше денелі де, елгезек те, жүрдек те, мықты да жылқы екен (С.Мұқанов).