lat: Arba, kúıme, qareta, ekıpaj, tarantas
Көлікке жегілетін тасымал құралы.
Партизандар көмілген қаруларды қазып алып, екі пар ат жегілген арбаға салды да, базаға тартты (А. Шәріпов).
Біз мінген күйме көшені басына көтере, жеде заулап барады (Ә. Сәрсенбаев).
Карета – төбесі жабық төрт дөңгелекті сәнді арба (ҚСЭ).
Экипаж - кici мінетін жеңіл арбаның бір түрi (ҚСЭ).
Малтабардың тарантасқа жеке жеккен қара бурыл аты мейлінше денелі де, елгезек те, жүрдек те, мықты да жылқы екен (С.Мұқанов).