(лат. аrgumentatio – аргументтер келтіру, яғни дәлелдер келтіру) – қайсы бір жайды (положение) толық немесе жарым – жартылай негіздеу. Мысалы, белгілі бір пікірді, пікірлер жүйесін, тұжырымдаманы және т.с. Аргументацияның құрылымы тезистен және аргументтерден тұрады. Тезис деп қабылдауға ұсынылған пікірді (яғни нені негіздеу керек) айтады. Ал тезисті негіздеуге айтылған ой желістерін, дәлелдерін аргументтер дейді.