АРМИЯ

lat: Armıa

1) мемлекеттік қарулы күштердің жиынтығы; құрлықтағы қарулы күштер; ұрыс майданында әрекет жасауға (майдандағы армия) немесе қарсыластың тұтқиылдан басып кіруіне, шекараны қорғауға (қорғаушы армия), немесе қарсылас жеріне тұтқиылдан басып кіруге (басып кіруші армия) бағытталған мемлекеттік қарулы күштердің бір бөлігі; 2) әскери іс-қимыл үшін бір немесе бірнеше әскери құраманы, әскер түрлерін біріктіру; 3) жалпы белгілері бойынша біріктірілген көптеген адам жиынтығы.