Арту, тиеу, теңдеу

lat: Artý, tıeý, teńdeý.

Жүкті көлікке, арба-шанага салып, теңестіріп бекітіп байлау.

Әрқайсысы 40-50 түйеге жүк артып, жүктерінің үстіне ылғи қызыл ала текемет, кілем жапқан (С. Шәріпов).

Мына Айдардың арбасына астық тие де ауданға тарт (Қ. Нұрғалиев).

Түйеге теңдеген екі-үш мес қымызы бар біреу Елпан үйінің жанына тоқтады (С. Мыңжасарова).