ұрыс қимылдарын жүргізудің бір тәсілі. Артиллериялық атыс танкілер мен моторлы атқыштардың өз міндеттерін толық орындауына жол ашады, жаудың алдыңғы шептегі қорғанысын, кейінгі жақтағы бекіністерін де талқандайды. Жағдайға байланысты артиллерия әр түрлі атыс түрлерін қолданумен қатар, ұрыс жүргізудің әр түрлі тәртіптерін: минометтің атысты дара жүргізуі, методикалық атыс, батареянын (взводтың) жеке кезекпен атуы, жиілете, дүркіндете атуды қолданады.