Артиллериялық зеңбірек

lat: Artılerıalyq zeńbirek

дәрімен атылатын қарудың бір түрі, күрделі соғыс машинасы. Артиллериялық зеңбіректің қиратқыш күші мол, ол жаудың әскери күшін, соғыс құралдарын жоюға және қорғаныс құрылыстарын бұзып-қиратуға қолданылады. Артиллериялық зеңбірек затворлы оқпаннан және лафеттен тұрады. Зеңбіректің ерекшелігі атысының күштілігі, алысқа ататындығы және еркін қозғала алатындығында. Артиллериялық зеңбірек конструкциялық өзгешеліктеріне қарай иір ойықты, тегіс оқпанды, кейін теппейгін, автоматикалық калибріне қарай - кішікалибрлі (20-57 мм), орта калибрлі (76“ 152 мм), ірі калибрлі (152 мм-ден жоғары) болып бөлінеді. Зеңбірек снарядының бастапқы жылдамдығы 600 м/сек асады. Ату қашықтығы 25-30 км. Снаряд соққысының күштілігінен зеңбіректер құрлықтағы басқа соғыс қаруларынан асып түседі.