жүрек жұмысы нəтижесінде артерия тамырларында қалыптасатын қан қысымы. Оның систола кезінде байқалатын ең жоғары деңгейін систолалық (максимальды), ал диастола кезіндегі төменгі деңгейін – диастолалық (минимальды) қысым деп айтады. Систолалық жəне диастолалық қысым айырмасынан туындайтын пульстық тербелісті І-реттік толқын, ал артериялық қысымның тыныспен байланысты өзгерістерін ІІ-реттік толқын деп атайды. Сонымен қатар тамыр қозғағыш орталық белсенділігіндегі өзгерістермен байланысты ІІІ-реттік толқын да кездеседі. Бұл соңғы толқындардың белгілі ырғағы болмайды. Систолалық қысым негізінен жүрек жұмысын бейнелесе, диастолалық қысым-шеткей қан тамырларының тонусымен, шеткей кедергі деңгейімен байланысты.