АССИСТЕНТ, ОҚЫТУШЫ

lat: Asıstent, OQYTÝSHY

жоғары және қосымша кәсіби білім беру оқу орындарындағы кіші оқытушы лауазымы, сондай-ақ осы лауазымға ие болған тұлға. Әрекет етуші тарифтік-біліктілік сипаттамасына сәйкес білім беру мекемелеріндегі жұмысшылардың қызметі бойынша жұмыс өтілі жоқ, жоғары білімді оқытушыға, ассистентке 9-11 дәреже, ал ғылым кандидаты дәрежесі барларға 12 дәреже беріледі.