Ас беру

lat: As berý

этн. Ел-жұртқа қадірлі адамның қайтыс болғанына бір жыл толған соң, я болмаса бірнеше жыл өткен соң, ең үлкен жолын жасап, сауын айтып, мол жиынға тамақ беріп, ат бәйгесі, палуан күрес, жамбы ату, айтыс т.б. қызық көрсетіп, ұлан асыр той өткізу.

Ас беру дәулетті адамдардың, ұйымшыл елдің ғана қолынан келген. Абылай ханның асы, Құнанбайдың әкесі Өскенбайдың асы, қанжығалы Шауыпкел батырдың асы, керей Сағынайдың асы, дулат Сыпатай батырдың асы бүкіл елге мәлім болып, аңызға айналған (ҚҰЭ).

Қыз ұзату, келін түсіру, бала сүндеттеу, ас беру сияқты жиындардың көбі ауыл жайлауда отырғанда болады (С.Мұқанов, Менің мект.).